Ең биік таудағы адамдар оқыс оқиғаға тап болған жағдайда көмек көрсетушілер әп сәтте жететін болады. Себебі кез-келген уақытта ғаламторға кіретін мүмкіндіктері бар. Тіпті, таудың шыңында тұрып-ақ қолдана алады.
Эверест шыңында wi-fi нүктесі пайда болды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жайында VentureBeat агенттігі хабарлайды.
Ғаламторға кіруге мүмкіндіктің тууы адам өмірі үшін маңызды саналады. Себебі тау шыңында адамдар түрлі қиындықтарға тап болады.
Wi-fi нүктесін тау шыңына Everest Link компаниясы орнатты.
2000 жылға дейін байланыстың жалғыз түрі хат арқылы жеткізу еді, оны тікұшақтармен таситын болған.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру