Суреттегі әйелдің есімі Мишель Фокс, Нью-Йорк қаласының тұрғыны. Оның үйі, отбасы, тұрақты жұмысы бар, алайда келбетінің астында үлкен бір қасіретке толы оқиға жатыр.
Бірнеше жыл бұрын Мишель жас ана атанған. Бір күні кешке баласын тамақтандырып отырған. Жанында күйеуі жақында жасап шығарған қаруын қарап отырған. Сол сәтте мылтықтың дауысы шығады.
Бытыралы мылтық әйелдің жарты бетін жұлып түседі. Байқаусызда орын алған жағайдың соңы біршама қиындық тудырған. Ауруханаға жеткізілген соң дәрігерлер науқастың өмірі үшін күрес жүргізеді. Алайда бет әлпеті қайта орнына келмеген. Ешқандай пластикалық операция әйелге көмектеспейтінін дәрігерлер мәлімдеген.
Сол кезде дәрігерлер Марджи Голд есімді суретшіге жібереді. Суретші силиконнан тірі адамның бетінің суретін салып береді. Соның арқасында әйелдің бетіндегі тыртықты ешкім байқамайды.
Осы жағдайға кінәлі болған күйеуімен Мишель ажырасып, қолында кішкентай сәбиімен жалғыз қалады. Алайда Фокс өзін жақсы көретін басқа ер адамды кездестіріп, қызын бірге тәрбиелеп отыр.
Мишельдің айтуынша, ол өзін бақытсызбын деп санамайды.
Шолушы: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру