Кэти Кэлл мен оның әпкесі Рэйчел Смитке жақында полицейлер келген. Оларды адам саудасымен айналысты деп айыптаған.
Кэти мен Рэйчел тірі сәбиге ұқсайтын қуыршақтарды жасаумен айналысады. Оларды түрлі мақсатта медициналық мекемелерде пайдаланады.
Әпкелі-сіңлі өз қыметін ұсынып ғаламторға хабарландыру жариялаған. Желі қолданушыларының бірі қуыршақтарды тірі сәби деп ойлап, полицияға хабарлаған. Рэйчел мен Кэти бастапқы кезде ештеңені түсінбей, полицияның айыптаулары төбесінен жай түскендей болған. Кейіннен әйелдер мән-жайды түсініп, қуыршақтарды көрсетіп, кінәсіз екенін дәлелдеген. Рэйчал мен Кэти бұл күлкілі жағдай мәңгі естерінде қалатынын айтады.
Шолушы: Сабина Рамазан