Ақмола облысында 16 жастағы қыз 30 метрлік ғимараттан секірмек болды

/uploads/thumbnail/20170710101643569_small.jpeg

Құқық қорғаушылар 16 жастағы қыздың суицид жасауына кедергі болды. Жағдай Степногорск қаласында орын алған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақмола облысының ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

«Бестөбе ауылының бөлімшесіне жас қыздың 30 метрлік ғимараттан секіруді көздегені хабарланған. Жас қыз бұл іске өзінің сүйікті жігітімен сөзге келіп қалғаннан кейін барған. Бір сағат көлемінде құқық қорғаушылар қыздан секірмеуін сұрап, райынан қайтарған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздың жағдайы қазір бір қалыпты, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Жасөспіріммен психологтар және ұстаздары жұмыс істеуде.  

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар