10 жыл сақталған эмбрионнан пайда болған үшемді көрген халық таңданысын жасырмады

/uploads/thumbnail/20170710101650022_small.jpg

Аарон мен Рейчел Халберттер отбасын ерекше деп айтуға толық негіз бар. Халберттер отбасындағы балалар басқа балалар секілді өз ата-анасын жақсы көреді. Алайда балалардың қара нәсілді, ал ата-анасының ақ болуы көп жағдайда адамдардың оларды сұрақтың астына алуға себеп болып жатады. Үш бала – асыранды балалар.

Статистикаға сай, қара нәсілділерге қарағанда ақ түсті балаларды екі есе көп асырап алады. Аарон мен Рейчел осы жағдайды ескеріп, қара нәсілді сәбилерді асырап алуға бел буады.  Олар үшемнің ата-анасы атанды.

Бұл балалар пайда болған эмбрион «артық» болған. Сондықтан 10 жылдан астам уақыт мұздатылған күйде 10 жыл сақталған. Халберттер отбасы олардың дүниеге келгенін қалаған. Алайда бастапқы кезде дүниеге екі бала келуі керек еді. Бірақ үшем туылды.

Желі қолданушылары Халберттердің әрекетін қызу талқылады. Бірі олардың өте қайырымды іс істегенін айтса, енді бірі мұздатылған эмбриондар  дұрыс бала бола алмайтыны айтқан.  Бірі оның орнына жетімдер үйінен бала асырап алса дұрыс болушы еді дейді. 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар