17 жастағы қыз әлемдегі ең алғашқы «жыныссыз» адам атанды

/uploads/thumbnail/20170710101704726_small.png

 Стар Хаген-Эскерра 15 жасында   өзінің жақындары мен достарына ешқандай жынысқа жатпайтындығын мәлімдеген. Ол өзінің ешқандай жынысқа жатпайтындығын айтып гендерлік бөліністі мойындамайтындығын жеткізген. Сондықтан сол уақыттан бері ол басқалардан  өзіне көпше түрде сөйлеуін сұраған. Арада екі жыл өтіп, енді Стар өзінің «көпше» түрдегі жынысын құжат негізінде бекітілуін қалайды.

Калифорния округінде Стар Сара Келли Кинен есімді әйелмен танысады. Ол да өз кезегінде өзінің жынысын «аралас» деп белгілеген. 55 жастағы Сара үшінші жыныстың заңдастырылуы үшін күресіп жүрген адам.  Ол Старға осы мәселеге байланысты көмектесуге бел буады. Нәтижесінде 17 жастағы Стар өзінің қалауындағы мақсатына жетіп ресми түрде «жыныссыз» деген статус алады.

Негізінен АҚШ-тың ешқандай штаты ер немес әйел дегеннен өзге жыныстарды қабылдамайды. Алайда Калифорнияда қазіргі таңда «үшінші» жыныс заңдастырылып жатыр.

55 жастағы Сара Келли АҚШ тарихындағы үшінші жыныс үшін күрескен адамдардың үшіншісі. Ол туылған кезде оның жынысы «ер» деп бекітілсе, балабақшада қайта «әйелге» өзгерген. Ол бойжете бастаған уақытта ағзасында проблемалар орын алған. Сол кезде дәрігерлер оның бойынан ер адамның да, әйел адамның да генін тапқан.

Intersex- бір адамның бойында еркектің де әйелдің де гендік дамуы көрініс табатын қалып. 

Қатысты Мақалалар