«Бача пош». Қыз балаға қатысты Ауғанстанның сорақы дәстүрі

/uploads/thumbnail/20170710101831930_small.jpg

Ауғанстан – қыз болып дүниеге келгендер үшін қауіпті мемлекет. Қыз болып дүние есігін аштың ба, болды, бар мүмкіндіктен, еркіндіктен айырыласың: мектепке бармайсың, спортпен шұғылдана алмайсың, жұмысқа да тұра алмайсың. Тіпті, қыз бала дүиеге келген отбасы қоғамда сөздің астына қалады екен, оларға ешкім аяушылық танытпайды. Сол себепті қоғамдағы өз абройын көтеру мақсатында ауған отбасылары «бача бош» рәсімін жасайды. Яғни, қызды ұлға айналдыру. Рәсім өткен күннен бастап қыздар тек ұлдардың киімдерін киіп, дәл ұл бала секілді тәрбиеленетін болады.

Үйдің отағасы мұрагері атанатындай ұлды болмайынша әйелін күнде кемсітіп отырады. Ал ұл бала дүниеге келсе, ол күн ауған отбасы үшін үлкен мерекеге айналады.

Қызды ұлға айналдыру – Ауғанстанда отбасының абыройын сақтап қалатын бірден бір әдіс. Қыз баланы ұлдарша киіндіріп, шашын алып тастап отырады, өзге балалырына қарағанда ерекше құрметпен қарайтын болады. Мұндай рәсім әйелдің келесіде ұл табуына көмектесетін көрінеді.

«Бача-пош» рәсіміне келіскен қыз еркіндікке шығып, өзінің құқықтарын қайтара алады. Көшеге шығып, дүкендерге барып, тіпті ұл балалармен ойнауына да рұқсат етілген. Ұл балалардың жанында бача-пош рәсімінен өткен қыздардың айырмашылықтары байқалмайды.

Ал сол қыздар іштей не сезінеді? Оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Кей қыздар ұл баланың рөліне кіре алмай қалып жатады. Ондай жағдай көбіне қыз баланың есейген шағында болады. Жасөспірімдер ондай қыздарды «трансвестит» деп мазақтың астына алады. Еркіндікке қол жеткізгенімен, қыз баланың бұл жүкті көтеріп жүруі ауырға соғады. Жалпы алғанда, ауған қызы патриархалдық дәстүрдің тұтқынына айналады.

Ал әлгі қыз бала өсе келе ата-анасы оны дереу тұрмысқа беруге асығады. Бірақ қыз үшін ол ауырға соғады, себебі жігітпен өзін тең ұстап үйреніп қалған, ас үй шаруасына да икемсіз болып тәрбиеленді емес пе? Сол үшін бача-пош қыздары «жаман әйел» атанады.

Бача пош рәсімі мемлекетте мойындалмаған заңсыз әрекеттердің бірі болып табылады. Алайда күші бүгінгі күнге дейін жойыла қоймаған.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар