Нигерияның Ондо штатында ғажайып оқиға орын алды. Жергілікті тұрғындар 12 жастағы баланы қуыс қабырға ішінен құтқарып алған. Бала қуыстың ішінде 3 күнін өткізген.
Жергілікті тұрғындар жылаған секілді дыбысты естігендерін айтты. Алайда ешкім барып көруге батылдары жетпеген. Қара магия араласқан деп ойлаған.

Бірнеше ер адам қабырғаны бұзуға бел байлап, ішінен әлі құрыған баланы көрген. Ол бала қайда, қалай тап болғанын айта алмаған.

Баланың жасы 12-де. Сол сәтте есін жидырып, алғашқы көмек көрсеткен.

Ешкім баланың ол жерге қалай тап болғанын білмейді. Тіпті өзі де хабарсыз. Осы сұрақтың жауабын тұрғындар жеткізген болатын. Олардың айтуынша, Нигерияның көшелеріндегі қабырғалар көп жағдайда бос қуыстан тұрады. Бала жоғарыдан байқамай түсіп кеткен болу керек деген болжамдар жасалды.

Шолушы: Айгерім Таубай