Қазақстан тұрғындарының саны 18 миллионға дейін жетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Даленов Руслан мәлімдеді.
"Нақты санға келетін болсақ, 1 мамырда 17 млн 994 мың тұрғын бар екені анықталды. Бір жылда 241 мың адамға көбейген. Нақты 18 миллионға жетпесе де осы көрсеткішпен алға жылжимыз деген ойдамыз"- деп атап өтті министр.