Жердегі тозақ: ДАИШ содырлары құлдықта ұстаған әйелдер жантүршігерлік оқиғаларымен бөлісті

/uploads/thumbnail/20170710101904915_small.png

2014 жылы Ирак еліндегі Синджар қаласын ДАИШ содырлары басып алған болатын. Сол кезде 5000-нан астам әйел тұтқынға түскен еді. Кейбір тұтқын әйелдер қашып кете алды. Қашып кеткен әйелдер жантүршігерлік оқиғаларды баяндап берді.

Назима қазір 22 жаста. ДАИШ содырлары оны белгісіз бір еркекке сатып жіберген екен. Назима өз еркінен тыс оның әйелі атанды. Белгісіз ер адам қайда барса да Назиманы қасына алып жүреді екен. Назима бірінші рет қашып кеткен кезде оны әлгі еркек ұстаап алып, 3 к.н бойы соққыға жыққан. Кейде тіпті апталап тамақ ішпей, қамауда жататын көрінеді.

Бір кезде олар Мосул қаласына келеді. Сол кезде Назима тағы да қашып кетуге тырысады. Ол  такси жүргізушісіне өзінің құлдықта жүргенін айтып, өз отбасына оралады.

28 жастағы Руба Сауд Арабиясындағы бір еркекке  өз ерікінен тыс күйеуге шығады. Ол алғашында қарсыласқан көрінеді. Бірақ оны ДАИШ содырлары қолдарына қару алып, қорқытқан екен. Рубаның тұтқында өз сіңілісі болған екен. Оларды бірге құлдыққа сатып жіберген. Рубаның қожайыны оны зорламақ болған кезде, Руба оған қарсылық танытып, өз ар-намысын құтқарып қалады. Руба мен оның сіңлісін  ДАИШ содырлары 3 рет құлдыққа сатқан.  

Шырынның жасы қазір 22-де. Ол 5 отбасыдан құралған албандардың үйіне құлдыққа сатлған. Ол тек үй шаруашылығымен ғана айналыспаған, сонымен бірге сол үйдегі барлық еркекпен жыныстық қатынасқа түскен. Бірақ біраз уақыттан кейін ол қалаа көшесіндегі танымайтын адамның көмегімен, өз отбасына оралады. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар