Жеті ай бойы ғашығының төсегінде қозғалыссыз жатқан сіңлісін көрген әпкесі сұмдық көріністің куәсі болды

/uploads/thumbnail/20170710101957994_small.jpg

1930 жылы Танцлер АҚШ-тағы әскери ауруханада жұмыс істеген. Ол өзін граф фон Козел деп атаған. Ауруханада ол 21 жастағы Елена де Хойосты кездестіреді.

Танцлер қызды кездестіргенге дейін түсінде оны көргенін және ғашық болғанын айтады. Елена күйеуге шыққан әйел еді. Оны 53 жастағы ер адам мүлде қызықтырмады. Алайда оған қарамастан Танцлер оған түрлі сыйлық сыйлап, қайда жүрсе де іздеп тауып алған.

1931 жылы Елена туберулез ауруына шалдығады. Танцлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгенінің барлығын жасайды. Ол қолындағы барын оның ем-домына жұмсады. Елена 1931 жылы 25 қазанда қайтыс болды. Танцлер әйелдің отбасын оны кесенеде жерлеуді ұсынады. Ал барлық шығынды өз мойнына алады.

Елена қайтыс болғанына екі жыл болғанда Карл Танцлер түнде зиратқа келіп оның қалған сүйегін қазып алған. Кейінірек ол Еленаның түсінде оны қазып алуын сұрағаннан кейін, осындай әрекетке барғанын айтады.  

Еленаның сүйегін үйіне алып келген Танцлер оның көзіне әйнекті салған. Киім кигізген. Киім жақсы тұру үшін иығына арнайы матаны салған. Одан кейін Еленаны жібек матаға орап, денесіне балауыз жаққан. Ол тірі адамның терісіне ұқсас болу үшін жасаған.  Жағымсы иісті болдырмау үшін химикаттар мен иіс суды пайдаланған. Осыдан кейін оның денесін өз төсегіне жатқызған.

1940 жылға дейін Карл Танцлер сүйіктісінің қасына жатқан. Жеті айдан кейін ғана адамдар оның денесі қазылып алынғанын байқаған. Еленаның әпкесі Танцлерден күдіктеніп оның үйіне келгенде өлі әпкесінің денесін көріп талып түсе жаздады.

Ер адам сотталып кетті. Ал оның махаббат хикаясы әлем бойынша таралған. Бірі мұны ессіз ғашықтық сезімі десе, енді бірі оның психикалық ауруға шалдыққанын айтады. 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар