Қарағандыда спорт кешеніне Головкиннің аты беріледі

/uploads/thumbnail/20170710102218808_small.jpg

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулеріне ие қазақтстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағандыдағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Геннадий GGG Головкин" тобының мәліметі бойынша, спорткешені Майқұдықта - спортшының туып өскен ықшамауданында орналасқан. Үш қабатты ғимаратта 25 метрлі бассейн, ауыр атлетика залы, көреремендер отыратын орны бар әмбебап ойын және бокс залы бар.

Спорт кешенін Головкиннің өзі ресми түрде 7 маусымда ашады. Салтанатты шараға Қарағандының спорт мектептері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады. Спорт кешенінде балалар үшін дайындықтар тегін болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен спорт кешеніне Геннадий Головкиннің аты беріледі.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар