Сочиде екі бүлдіршін жол ортасында көлік жүксалғыштан құлап кеткен (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710102228012_small.jpg

Сочиде автокөліктен екі бала құлап түскен. Автокөлік қала ішінде келе жатқан кезде көліктің жүксалғышы ашылып кеткен. Жүксалғыштан бір бала құлаған, содан кейін тағы бірі құлап түскен.  Көліктің артында келе жатқан жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгерген.

Оқиға орнындағы куәгерлер екі балаға көмекке келген. Ал екі баланың анасы көлік жүргізушісі балаларының көліктен құлап қалғанын бірден байқамаған. Тек арада біраз уақыт өткен соң ғана ол оқиға орнына қайта келген. Үш жасар бала зардап шегіп  ауруханаға жеткізілді. Ал екінші балаға айтарлықтай зақым келмеген. Көлік жүргізушісі екі баланың анасы 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Әйелге қатысты әкімшілікке тартылу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Балалардың не себепті  көлік жүксалғышының ішінде болғандары белгісіз.

 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар