Қазақстан тұрғыны кешекісін үйіне келе жатқан қонағын қарсы алу үшін далаға шығады. Үйінің ауласынан біртүрлі дауыс естиді. Ол дауыс оны дәретханаға алып келді. Қараса жаңа туылған шарананы дәретханаға лақтырып кеткен екен. Ер адам бірден жедел жәрдем мен полиция шақырады. Пакетке салынған қыздың дүние есігін ашқанына небәрі бірнеше минут қана болған екен. Оның кіндігі де кесілмеген. Қыз аман қалды. Полиция баласын өлтірмек болған «ананы» іздестіріп жатыр.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет