2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ ГЕПТИЛ УЫНАН ҚҰТЫЛАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710102250293_small.jpg

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен кешегі Үкімет сағатында айтылған.  Мәжілістегі Үкімет сағатына министр болғалы алғаш рет келген Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов депутаттармен тың жаңалықтарымен бөлісіп, «Қазақстан отандық ғарыш аппаратының орбиталық топтамасын дамытуды жалғастырады», деген. Оның айтуынша, қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау мәселесі қолға алынып отыр. Бірақ әлі де қаржы керек.

Министр өз сөзінде 2019 жылға қарай қолға алынатын жаңа жоба туралы айтқан. Гептилсіз зымыран ұшыру туралы жоба құны 750 миллион долларды құрайды. «Бәйтерек» деп аталатын жоба «Зентит М» есімінде жаңа зымырандар шығарады. Аталған зымыранның экологиялық зардабы өте төмен болды. Жоба іске асса 2025 жылдан бастап гептилі бар протон зымыраны ұшпайтын болады.

Еске салсақ, екі жыл бұрын қазақ даласында 200 мың бастан астам киік қырылды. Оның себебін билік түсіндіріп бере алмаса да, мамандар киік өліміне Байқоңырдан ұшырылатын зымырандардың әсері бар деп топшылайды. Қоғамда наразылық туып, азаматтық белсенділер «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыранын ұшыруды тез арада, үзілді-кесілді тоқтатуды және еліміздегі Ресей федерациясының әскери-жаттығу полигонын шұғыл жабуды сұраған болатын.

Қатысты Мақалалар