Баланың ата-анасы оның толыққанды өмір сүруі үшін операцияға қаражат жинап үлгере алмады.
АҚШ-та мұрынсыз дүниеге келген 2 жасар Тимоти Эли Томпсон өмірден өтті. Оның өлімі жайында әкесі Джереми Фринч өзінің Фейсбук парақшасында жазды.
«Өткен түні кішкентай баламыздан айырылдық. Жағдайдың неге дәл осылай болғанын түсінгім келеді, жаным аурып барады. Бірақ менің дәл Эли секілді сүйкімді балақайым болғанына қуанамын», деп жазды Джереми.
Ариния – сирек кездесетін патология, яғни жартылай немесе толықтай мұрынсыз болу. Ол 197 миллион сәбидің біреуінде ғана кездеседі, ал Элимен қатар әлемде 36 бала мұрынсыз туған.
Туған күнінен кейін 5 күн өткен соң Эли Томпсонның тыныстауы жеңіл болуы үшін кеңірдегін кесті. Ата-анасы әр күн сайын баланың жағдайын бақылаумен болды.
Дәрігерлер балаға мұрын «сыйлауға» дайын еді, алайда ата-анасы операцияға қаражат жинап үлгермеді.
Шолушы: Сабина Рамазан