Халықтың сөзіне сенер болсақ жаңа шаш үлгісі адамның өміріне үлкен өзгеріс алып келеді. Жаңа өмірге бастама болады. Айтылған сөз қаншалықты шындық? Адам өмірі бір сағатта өзгере салмайтынын барлығымыз білеміз. Алайда көп нәрсеге әсер ететіні де рас. Назарларыңызға шаш үлгісін өзгертуі өміріне өзгеріс алып келген әйелдің оқиғасын ұсынамыз.
Холли Avant Garde аталатын сұлулық салонына келеді. Келудегі мақсаты жаңа өмірге қадам жасар алдында өз бойына өзгеріс енгізу. Өзінің үйлену тойы алдында шаш үлгісін өзгертпек болады. Өмір бойы белінен төмен төгілген шашын өріп жүруді Холлидің әкесі талап еткен.

Мен енді үлкен қыз болдым деген оймен Холли шаштараздың көмегіне жүгінеді. Сара Престел есімді шаштараз көмек қолын созып, әйелдің 60 см. шашын қиып тастаған.

Жаңа шаш үлгісімен әйел әлдеқайда жас көрінеді.
Шолушы: Айгерім Таубай