Канзаса тұрғыны 17 жыл жазықсыз түрмеде отырған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
1999 жылы сот Ричард Джонсонды ұрлық жасады деп айыптап, 19 жылға бас бостандығынан айырды. Оның қылмысы куәгерлердің айтуы бойынша дәлелденген.
Джонс өз кінәсін мойындамады. Белгілі болғандай ұрлық болған жерге жақын аймақта Рикки есімді адам тұрған. Оның сырт келбеті айыпталған Ричардқа өте ұқсас екен.
Жаңа сот отырысында сот екі ер адамның фотоларын қарап, Ричард Джонсонның кінәлі екеніне нақты сенімді емес екенін айтқан. Сот шешімді негізсіз деп тауып, Ричард бостандыққа шықты.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет