Димаш: «Нью-Йоркте тұрсам да, жүрегім Қазақстанда» (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710113503870_small.jpg

Нью-Йоркте тұратын қазақ баласының видеосы желіде кеңінен таралуда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.  Димаш Ниязов Нью-Йоркте полиция болып қызмет атқарады.

Видеода өзінің Қазақстанда туып, 8 сыныпқа дейін Шымкент қаласында ата-әжесімен тұрғанын айтты. Әкесі мен анасы жұмыс бабымен шет елге көшіп кеткен. Артынша ес білген соң, Димаш та ата-анасының жанына келеді.

Нью-Йоркте тұрып жатқанына 13 жыл болыпты. Әкесі құрылыс саласында қызмет етеді және жеке боксшыларды даярлайтын мектебі бар. Димаш та бокспен шұғылданады. Өзінің Шымкент қаласында 6-7 жасынан бастап Қажымұқан стадионынан бокспен шұғылданатынын айтты.

«Бұл қалаға келген соң Қазақстандағы жеке куәлігімді алып қойды. Сол cәтте жүрегімнің бір бөлігін жұлып бергендей болдым. Мен – қазақпын!» деп өзінің жүрек жарды ойларымен бөлісті.

Өзінің кәсіпқой боксшы екенін айтып, күнделікті дайындықтың нәтижесінде жеңістерге деген сенімін білдірді. Өзінің жеке командасы бар екенін де тілге тиек етті.

Видеода отандастарымыз Г.Головкин мен Қ.Исламның да атын атап өтіп, спорттағы жетістіктерімен таныс екенін көрсетті. Өзінің спорт саласында аталған тұлғалардың соңынан келе жатқанын байқатты.

Дайындаған : Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар