28 жыл бойы бұл әйелді соқыр деп келген туыстары шындықты білгенде есеңгіреп қалды

/uploads/thumbnail/20170710113532900_small.jpg

28 жыл бұрын Испания тұрғыны Кармен Хименес есімді әйел көз ауруынан соқыр болып қалған.

Бұл Карменнің достары мен отбасына айтқаны. Кармен таныстарымен амандасып, қал сұрасудан шаршағаны соншалық өзін соқыр деп елді алдауға дейін барған.

57 жастағы әйелдің көзі  жақсы көрген. Карменнің жағдайына қатысты жақындарының күмәндары болса да, бұл жаңалық оларды есеңгіретіп жіберді.

«Актрисаның» күйеуі Карменнің ешкімнің көмегінсіз жасаған макияжы керемет шығатынына таңқалатынын айтады. Кейде әйелінің көз қиығымен теледидар көріп отырғанын байқайтын. Алайда Кармен оны мойындамаған.

«Мен таныстарды көргенде тоқтап, олармен амандасып, әңгімелесуден шаршадым. Мен ешқашан көпшіл адам болған емеспін. Соқыр секілді кейіп таныту арқылы көптеген әлеуметтік міндеттерден құтылдым» дейді Кармен.

Карменнің ең жақын деген адамдарының өзіне өтірігі туралы айтпаған себебін сот алдында жауап беруден қорыққанымен түсіндірген. Себебі ол 30 жылға жуық  зағип жандарға берілетін арнайы қаржылық көмек алып отырған.

Бұл ақпарат Испанияда тез таралып, халықтың ашуын тудырды. Олар мемлекеттің тексерместен ақшаны оңды-солды таратып жатқанына наразылықтарын білдірді.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар