Алматы зауытында арнайы қызмет мамандары қылмыстық топты құрықтау бойынша операция жүргізіп жатыр. Дәл қазір зауыт ішінде тінту жүргізілуде, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Зауыт иесі, бизнесмен ұзақ уақыттан бері ірі қылмыстық топты басқарып келеді. Банданың көшбасшысын бірнеше жылдан бері арнайы қызмет өкілдері мұқият бақылап келген.
Алдын ала берілген ақпарат бойынша, кәсіпкер бизнесте әлімжеттік көрсетіп, бопсалаумен айналысып келген. Толығырақ ақпарат кейін болады.