Чехия президентінің әйелі Астанада EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты кезінде қазақстандық дизайнер Наиль Байкучуковтың киімімен шықты, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі kaz.tengrinews.kz -ке сілтеме жасай отырып. Бұл туралы дизайнер Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Чехияның бірінші ханымы Ивана Зейманова Астанада ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатында Naiyl Baikuchukov киімімен шықты» , - деп жазды Байкучуков. Айта кетейік, Чехия президенті Милош Земан EXPO көрмесінің ашылуына жары Иванамен жұмада, 9 маусымда келген.

Шолушы: Әсел Өтешова