Мәскеудегі Беларусь вокзалында ер адамды пойыз қағып кеткен, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жөнінде РИА Новости порталы хабарлайды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған орында полицей қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Қаза тапқан ер адамның жасы 61-де. Куәгерлердің айтуынша, ол темір жолды кесіп өтпек болған. Дәл сол уақытта пойыз да жақындап қалған еді.
Нәтижесінде алған жарақаттарының салдарынан ер адам тіл тартпай кетті.