Әлеуметтік желі адамның күнделікті өміріне нықтап енгеннен кейін, түрлі фотошоптар шықты. Адамар түрлі фильтрлермен суреттерін түзеп, ең әдемі деген фотоларын ел назарына шығаратын болды. Өзіне деген сенімсіздігі басым адамдар өзгелердің әдемі фотоларына лүпіл басумен шектелетін.
Алайда 23 жастағы Германия тұрғыны Саския Фритш әлеуметтік желіге өзінің қалыптан тыс фотоларын салып, батыл қадам жасады.

Саския 16 жаста болғанда Крона ауруына шалдықты. Соның салдарынан, дәрігерлер ішектің кішкене бөлігін операциямен алды. Қазір Саския арнайы қаппен жүруге мәжбүр. Фритштің айтуынша, ол басқалар секілді қалыпты өмір сүреді. Алайда адамдардың оны мазақ еткені оның өзіне деген сенімділікті жоғалтуына себеп болған.
Саския Instagram-да парақша ашып, онда денесінде өзгешелігі бар адамдардың фотосын жариялай бастады. Оның сәнбикелері өзінің жарасын, тыртығын көрсетуден қорықпайды.




Парақшаның ашылғанына бір жыл ғана болса да оған 12 мың адам жазылған.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет