Qazaq banki директорлар кеңесіне жаңа басшы тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170710122038454_small.jpg

Qazaq banki директорлар кеңесінің басшысы ауысты. Бұл жөнінде Қазақстан қор биржасының сайты мәлімдеді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Банктің директорлар кеңесінің мәжілісінде тәуелсіз директор Каримуллин Асқар Амангелдіұлы директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар мәжілісте Бақыт Ибрагим Жасұзақұлын директорлар кеңесінің мүшесіне енгізу туралы шешім қабылданды.

 Айта кетейік, мамыр айының соңында «Банк «Bank RBK» АҚ «Qazaq Banki» АҚ-мен бірігу туралы ниеті бар екендігін хабарлаған болатын. Онда бірлескен қаржы институтының Bank RBK бренді аясында жұмыс істейтіндігі айтылған еді.

Шолшуы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар