«Өлім қабырғасында» мотоциклмен жүйткіп жүрген 18 жастағы қыз неліктен өмірін қатерге тігіп жүргенін айтып берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710122014116_small.png

Кармила Пурба 12 жасынан тік қалыпта мотоциклмен жарысуды үйреніп жүр. Ол «Өлім қабырғасында» мотоциклмен сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүреді.

«Алғаш рет мұндай аттракцион түрін бала кезімде көріп, таңқалдым. Бұл мүмкін бе деп ойладым. Оның құпиясы неде екені мені қатты қызықтырды» дейді Кармила.

18 жастағы қыз кейде циркте жұмыс істейді. Олар Суматре бойынша әр екі аптада жаңа қалада өнер көрсетеді. Кармила айына 600 доллар табады.

Шоу кезінде көрермендер шайпұл ұсынады. Алайда оны алу өте қауіпті.

«Мен мұны ата-анама көмектесу үшін жасап жүрмін. Қазір оларға ақша жіберіп тұрамын. Ата-анам меннен өмірім мен денсаулығымды қатерге тікпеуімді сұрап отыр. Менің мұны жасауға міндетті емес екенімді айтады». 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар