Дағыстанның Ноғай ауданында жергілікті билік өкілдері өзін-өзі басқару мен халықтар теңдігі нормаларын ысырып тастап жаңа ұлтаралық қақтығыс тудырды.
Қақтығыстың қақ ортасында Ресей Федерациясының ең сорланған халықтарының бірі – ноғайлар қалды. Кавказдағы жаңа шиеленіс туралы obozrevatel.com cайтында жарияланған мақаланы Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
2010 жылғы ресейлік мәліметтерге қарағанда, Ресейде 103 660 ноғай тұрған. Кейбір сарапшылар бұл санның бірталай төмендетілгенін, шын мәнінде олардың саны 130 мыңға баратынын алға тартқан. Қалай болғанда да, бұл кезіндегі Ноғай ордасы аталатын мемлекет құрған мықты халықтың бар қалғаны. Тілдері-түрік, діндері- мұсылман-сүннет, ханафи мазхабы.
Ресей империясы ноғайларды жаулау кезінде олар сұмдық геноцидке ұшыраған. Ресей құрамында болғанда бірнеше рет этникалық тазалаудан өтіп, зорлықты түрде депортацияланған. Нәтижесінде бүгін Түркияда 3 миллионға жуық ноғайлар тұрып жатыр. Ал Ресейде тұрып жатқан жүз мың ноғайлықтың біраз бөлігі бүгінде түріктермен ассимиляцияға түсуде.
РФ-да ноғайлардың мүлдем әкімшілік білімі жоқ. Олар Дағыстан, Шешенстан, Ставропольск маңы, Астрахань облысы территорияларында шашылып тұрақтаған. Бұл аудандарда олар үшін жұмыс та табылмайды. Сондықтан көпшілік ноғайлар Солтүстікте тұрақтаған, мұнай өндірісінде жұмыс істейді. РФ-да ноғайлардың ұлттық мұра мәселесі қиын жағдайды бастан өткеруде. Мектеп бағдарламасына тіпті, ноғай тілі міндетті етілмеген.
Қазіргі орнап жатқан қақтығыстың басталуы сонау кеңес жылдарында жүзеге асқан. Сол кезеңде Дағыстанның аудандарында кутан (қошарлар) аталатын таулы аймақтарда шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатындар пайда болды. Қазір осы кутандар Ноғай аудандарын аварлар, дарғындар тұратын елді мекенге айналдырмақшы. Сонымен қатар бұл елді мекендер таулы аварлар мен дарғындар аудандарына бағынуы тиіс.
Ноғайлықтар мұны өздерін тұрғылықты жерден ығыстырып шығару деп есептеп отыр. Дағыстаның Кизляр мен Тарумов аудандарында да осындай жағдай орын алған болатын.
Мамыр айында мемлекет басшылығы отырысында көтерілген жер реформасы мәселесіне байланысты хаттама жарияланған. Ол хаттама негізінде Ноғай жеріне дағыстандықтардың көлемді бөлігі көшірілуі тиіс. Сол арқылы таулы кутандарға жалдамалы жерде қоныстануға мүмкіндік ашылады.
2017 жылдың 11 мамырында Махачкала қаласында Дағыстан Республикасының мемлекеттік төрағасының орынбасары Б.З Омарова жетекшілігімен жер реформасына байланысты кеңес өткен болатын. Кеңес нәтижесінде, министрліктер мен тиісті ұйымдар хаттамалық міндеттемелер алды. Негізінен елді мекендерде заңды рәсімдеу мен территориялар тізімін анықтау міндеттелген болатын. Алайда хаттамада көрсетілген территориялар құмықтар, ноғайлар мен орыстардың дәстүрлі тұрғылықты жерлері. Олар Кизляр, Тарумов, Ноғай ауданына жатады. Дәл осы алдын-ала қарастырылмаған, дұрыс анықталмаған Дағыстан басшылығының міндеттемесі халық арасында ыза тудырып, түрік, славяндардың наразылығына әкеп соқты.
11 мамыр күні жарияланған хаттаманың суреті желіге таралған соң Дағыстан Республикасы Ноғай ауданында әкімшіліктің алдында стихиялық жиын болып өткен. Жиналған халық хаттамаға байланысты өзінің наразылықтарын білдірген.
Белсенділердің пікірінше, республика басшылығының позициясы ноғай, құмық, орыс халықтарын өз ұлттық аудандарында аз көлемде тұруға мәжбүрлеп отыр. Жиында Терекли-Мектеб ауылының территориясында тез арада ноғайлардың Съезі 14 маусым 2017 жылы ұйымдастырылуы тиіс деп шешілді. Бұл шараны жүзеге асыратын арнайы комитет ұйымдастырылды. Аталған Съезде 6000 адам қатысады деп жоспарланды.
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде топтар, топшалар мен қауымдастықтар құрылып Съездің өтуі туралы мәселелер талқыланып жатыр. Астрахань, Шешенстан, Қырым Республикасы мен Карачево-Черкесияның қоғам қайраткерлері мен белсенділер, тіпті қарапайым адамдар Дағыстандық ноғайлықтарды қолдайтындықтарын білдірген.
Белсенділер жерді өзге халықтарға беру процессін тоқтатуды талап етуде. Таудан жазықтыққа стихиялық миграция процессін тоқтатып, шалғайдағы мал шаруашылығы аумақтарында паспорттық режімді қадағалауды бақылауды күшейтуді талап етті.
Осындай орын алған жағдайларға байланысты 14 маусым күнге Жалпыресейлік ноғай съезді жоспарланған. Бұл съезге Ресейдің түкпір-түкпірінен және сырттан ноғайлар жиылуы керек.
«Бұл қадамдар біздің жермізді жаулап алмақшы болып отырғандарға қарсылық ретінде жасалмақшы. Орын алып жатқан арандатушылқы әрекеттерді тоқтату керек. Билік қолынан барлығы келеді деп ойлай ма? Тіпті де олай емес және ноғайлар осыны дәлелдейді. Бұл қадамдар жеңіске апарады, себебі шегінерге жол жоқ. Жерден басқа түгіміз қалған жоқ, оны да бізден алып алмақшы. Егер жер мәселесі мен оның басшылары жөніндегі проблема дұрыс шешілмесе халық өзі барлығын анықтайтын болады»-дейді ноғай белсенділері.
Аударған: Назерке МҰСА