Мартин Писториус дені сау азамат болып дүниеге келген.Оңтүстік Африканың тумасы өзге балалар секілді мектепте оқып, балалық шақтың қызығына батып жүреді. Алайда 1988 жылдың қаңтарында аяқ астынан тамағының аурып жүргенін айтады. Ата-анасы тамағына суық тиген деп аса мән бермеген.

Бірнеше ай өткен соң Мартиннің жағдайы бұрынғыдан нашарлай түседі. Аяғы қозғалудан бас тартып, сөйлеуі де бұзылады. Дәрігерлер баланың жағдайын қанша тексергенімен, не болғанын өздері де түсіне алмады. Ешқандай диагноз қоя алмағандықтан қолдарын бір сілтеді. Тек болжам ретінде криптококкоз менингиті деген диагноз қойды.
Сөйтіп дәрігерлер балаға еш көмек көрсете алмайтындарын айтып, ауруханадан шығарады. Баланың өір сүру уақыты аз қалды деп, ата-анасына сол уақытқа дейін қамқор болуын ескерткен.

Сол күннен бастап отбасында жаңа тәртіп орнады: әкесі таң атпай ұйқысынан оянып, Мартинді жуыныдырып, киіндірген. Мартин өздігінен тамақатана алмағандықтан, тамақты оған қасықтап беретін. Одан кейін арнайы терапевтік орталыққа апаратын, орталықта бала таңнан кешке дейін болуы тиіс еді, ал әкесі жанында жүретін. Кешке қайтадан жуындырып, тамақтандырып, ұйықтататын. Түнде әр екі сағат сайын әкесі баласын аунатып тұратын, себебі қозғалмай жата бергеннен баланың денесі үйіп қалады.
Бірнеше жылдан соң баланың санасы ояна бастайды. Тек бұл жайында ешкім білмеген, себебі Мартин бәрін естіп-білсе де, сөйлей алмаған. Іштей айқайлайтын, жылайтын, бірақ оны ешкім естімейтін.
Бірде Мартиннің анасы баласының өлгенін қалайтынын айтып қалды. Ауру балалары отбасына әбден сасыл болған көрінеді. Ол Мартинді ештеңе естімейді деп ойлағанымен, бала бәрін біліп жатты. Бұл кез Мартиннің өміріндегі ең қиын сәттердің бірі болды.

Мартиннің жасы 25-ке толғанда терапевтік орталықтың қызметшісі жігіттің ерекше қимылдарын байқайды, ол көзқарасы арқылы қызға ішіндегісін түсіндрігісі келген. Яғни, Мартиннің жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді деген сөз.
Мұны білген анасы жұмысынан шығып, келесі 2 жылын тек баласының жанында өткізеді. Мартин ауруынан айықты, бірақ сөйлей алмайды. Өз ойын арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы жеткізетін.

Сөйтіп Мартин компьютер тілін меңгеріп, веб-дизайнер болып жұмысқа орналасады. Әпкесі Мартинді өзінің құрбысы Джоанмен таныстырады. 2009 жылы екі жұптың үйлену тойы өтеді.
Шолушы: Сабина Рамазан