Бесінші сынып оқушысы Остин Кинг Харт отбасын асырау үшін бақшада жұмыс істей бастады. Енді ол бүкіл отбасын азық-түлік, көкөніспен қамтамасыз еткісі келеді.
Бұл жас бала YouTube пен Facebook-те өзінің алғырлығымен танылған.

«Мен анамның жұмыс бөлмесінен бірнеше бұршақтың дәнін алдым. Біздің үйде ол көп еді. Барлық отбасын тамақтандыру үшін азық-түлік үйде жетіспейтін» дейді Остин Кинг Харт.
Дәл осы күн Остин үшін шешуші уақыт болды. Ол бір сәтте ересектердің өміріне қадам басты. Бесінші сынып оқушысы отбасы ашықпауы үшін не істеу керектігін түсінді. Ол үйінің ауласына дәндерді отырғыза бастады.
«Менің егін шаруашылығы жөнінде бар білгенім өсімдіктің өсуі үшін су, күн және топырақ қажет екені» деді мектеп оқушысы.
Бір аптадан кейін түйе бұршақтың жапырақтары пайда бола бастады. Одан кейін бұршақтың өзі де шықты. Егін молынан шықты. Остин бұршақты сатып, отбасын асырады. Қыста Остиннің отбасы сол нәпақамен күнелтіп шықты.
Үш жылдан кейін Остиннің өз үлкен бақшасы болды. Онда тек бұршақ қана емес түрлі көкөністер бар. Ол жердің құнарлы болуын және егін егудің түрлі қыр-сырын меңгеріп, өзбетінше көп ізденді.
Жеткіншек болашақта кім болатынын қазірдің өзінде айқындап алды. Ол егін шаруашылығымен айналысып, кәсіпкер атанғысы келеді. Болашақта өзінің табиғи таза, құнарлы көкөністерімен барлық ауыл-аймақты тамақтандырғысы келетінін айтады. Сонымен қатар, Остин егіннің үнемі мол шығуы үшін не істеу керектігін зерттеп жүр. Соны тәжірибе жүзінде көрмекші. Егер болжамы расталса, идеясын мемлекетке ұсынбақшы екен.
Қазір 13 жастағы бала өзінің өсірген көкөністерін сатып қана қоймай, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікті тегін таратады екен.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет