Криминалист фотоға бір қарағаннан-ақ қылмысты байқады

/uploads/thumbnail/20170710123129439_small.jpg

Бұл әйел еңбек демалысында Тайландқа барады. Саяхаттан керемет әсер алып, бір бума фотомен оралады. Әйел достарына суреттерді көрсеткенде, криминалист досы оларды тонап кеткенін айтады.

Әйелдің «неліктен олай ойлайсың?» деген сұрағына фотоға мұқият қарауды ұсынады.

Турист ұлттық киім киген кішкентай қыздармен фотоға түсіп жатқанда олар әйелдің сағатын білдіртпей шешіп алған. Қыздар камераға күлімсіреп тұрған уақытта, қолдарымен ұрлық жасап үлгеріп жатыр. Фотодағы сағатын шынымен де әйел жоғалтып алған еді. Алайда кішкентай сүйкімді қыздар алды деп еш ойлаған емес.

Турист әйел өзінің оқиғасымен әлеуметтік желіде бөлісті. Белгілі болғандай, мұндай жағдайды бастан өткергендер көп екен. Қылмыскер адамның денесіне бірнеше мәрте сүйкеніп өтеді. Бұл адамның сыртқы әсерге сезімін жоғалтуы үшін қажет. Одан кейін ұрлық жасайды. Сонымен қатар, ұры үшін ұрлық жасауға ең тиімді орын халықтың ең көп шоғырланған жері болып саналады.

Шолушы: Сабина Рамазан

 

Қатысты Мақалалар