Экс президенттің құрбысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

/uploads/thumbnail/20170710161209136_small.jpg

Оңтүстік Корея үкіметі  экс президенттің құрбысы Цой Сун Сильді  бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Рамблер ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Сеул орталық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Ченың құрбысы Цой Сун Сильді  3 жылға түрмеге тоғыту туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік  Кореяның ірі фигурантына  коррупциялық жолмен қызының бас пайдасы үшін заңсыз әрекеттерге барды деген айып тағылған болатын.

Бұл Цой Сун Сильге тағылған 13 шағымның  біреуіне тағайыналған жаза.  Сот  экс президенттің құрбысына өз билігін асыра пайдалана отырып қызын Кореяның ең мықты униеверситетіне түсіргенін алға тартып отыр. Сондай-ақ ірі фигуранттың еркетотайы ешқандай  емтихан, баяндама, тапсырмаларсыз-ақ, сабаққа қатыспай  жоғары баға алып отырған көрінеді.

Сондай-ақ Цой Сун Сильге тағылған 13 айыптың қатарында  Кореяның ірі компанияларынан 70 мың доллларға дейін пара алғандығы, президент құрбысына арқа сүйей отырып мемлекет ісіне қатысты шаралардағы заңсыз әрекеттері анықталып отыр.

Әзірге Оңтүстік Корея үкіметі Цой Сун Сильді  үш жылға бас бостандығынан айырды. Десе де айыпкердің әлі қаралмаған 12  шағымы сот жазасының мерзімін ұлғайтуы мүмкін. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы 

Қатысты Мақалалар