ДАИШ жауынгерін ең ұзақ қашықтықта өлтірген канадалық снайпер рекорд орнатты

/uploads/thumbnail/20170710161210214_small.jpg

Канаданың элиталық бөлімшесінің снайпері Иракта ДАИШ террористік ұйымының жауынгерін сиерк кездесетін атыс түрімен өлітрді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. 2,14 миль (3,44 километр) қашықтықта орындалған атыс тарих бетіне «ең ұзақ қашықтықтағы атыс» ретінде енді. Бұл жайында Жергілікті БАҚ хабарлайды.

Есімі аталмаған жауынгер аталмыш әдісі арқылы әлемдік рекорд жаңартты. Мұның алдында ең ұзақ қашықтықта ату жөнінен рекорд жасаған мерген Крэйг Харрисон болған. Ол 2009 «Талибан» жауынгерін Lapua Magnum мылтығымен 2,47 км қашықтықта жайратып салған.

Ал бұл жолғы атыс McMillan TAC-50 мылтығымен орындалды. Сондай-ақ, оқ көздеген адамына жету үшін 10 секунд уақыт ұшқан.

Канада Қарулы күштерінің өкілі мұны «таңғажайып атысқа» балап, жауынгердің өлімін видео арқылы дәлелдеді.

Рекорд жаңартқан мерген арнайы JTF2 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Бұл бөлімше көбіне террористік операцияларды орындау мақсатында жұмыс жасайды.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар