Ғалымдар адам миына ең пайдалы өнімді атады

/uploads/thumbnail/20170710161210996_small.jpeg

Американың Льюиса Каца Университеті Темпл медицина мектебінің  зерттеушілері адам миына ең пайдалы өнімді атады. Ол көпшілік қолданысындажүрген-зәйтүн майы. Зәйтүн майы адамның білімге, оқуға деген ұүштарлығын оятып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қоса Альцгеймер ауруынан қорғайды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Eurekalert мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

«Біз зәйтүн майы адам бойындағы зиянды қалдықтарды тазартуға септігін тигізетінін анықтадық» деп хабарлады Темпл зерттеу орталығының профессоры Доменико Пратиц.

Ғалымдар бұл шешімге алты ай бойы жүргізілген тексеру нәтижесінде келіп отыр. Алты ай бойы екі топ лабороториялық зерттеулер жүргізген. Бір топ зәйтүн майымен диетаға отырған жануарларды зерттесе, келесі топ зәйтүн майын пайдаланбай диетаға отырған жануарды бақылауға алған. Соның нәтижесінде зәйтүн майының пайдасын анықтап отыр.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар