Қазақстанда ұрланған телефондардың базасы құрылады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап. Телефондарды тіркеу басталғаннан кейін оны ұрлау тоқтатылады.
Мұндай өзгерістің ыңғайсыз тұсы да бар. Елге әкелінген техникалардың көбінің имей-кодтары бір. Егер бір телефон жоғалып кетсе, бірдей номерлі барлық телефондар бұғатталады. Мнистр Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл мәселе жарты жылдың ішінде шешіледі.
Ұялы телефон операторларын абоненттердің шағымдары бойынша жазалайды. Халықтық бақылау жүйесі жылдың соңына дейін министрліктің сайтында ашылады. Абаев, мамандар барлық шағымға мән беретінін айтты. Ал ауыл тұрғындарының өтініштері қабылданды. Қазақстанның 51 аудан орталығында 4G қосылады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет