Солтүстік Корея Трампты «есінен алжасқан» деп атады

/uploads/thumbnail/20170710161213230_small.png

Солтүстік Кореяның «Нодон синмун» басылымы АҚШ президентін ашық түрде «есуас» деп атаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік басылымға сілтеме жасап хабарлайды. Трамппен серіктестік орнату тек қана күйреуге алып келеді. Бұл туралы Пхеньян өкілдерінің Сеулге жасаған ресми хабарлауында айтылған.

«Оңтүстік Корея Трамптың артынан еру тек қана апатқа әкелетінін түсіну керек»-деп жазады басылым. Еске сала кетсек, Вашингтон мен Пхеньян арасындағы суық қатынас жақында орын алған даулы мәселе бойынша туындаған. Америкалық студент Отто Вомбиер Солтүстік Кореядан келген соң көз жұмған. КХДР оны 15 жылға соттаған болатын, алайда АҚШ студенттің босатудың жолын тапқан еді. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар