Алматыда ірі жол көлік апаты орын алды

/uploads/thumbnail/20170710161213855_small.jpg

Алматы қаласында үлкен көлемде жол көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Достың даңғылы бойында «Жалын» мейрамханасына қарама-қарсы маңда бейсенбі күні кешкісін орын алған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі СТВ каналының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Porsche Cayenne автокөлігінің жүргізушісі Toyota Camry автокөлігін соғады.  Сол сәтте Toyota Camry автокөлігі бұрылуға әрекет еткен. Соққының нәтижесінде Toyota Camry автокөлігі жақын маңдағы Mitsubishi Space Wagon автокөлігін соғады. Сол сәтте Cayenne автокөлігіне Yamaha мотоциклі келіп соқтығысады. 

Жол апатының салдарынан мотоцикл жүргізушісі жараланды.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар