Хокинг адамзат баласына төнер қауіптің шетін көрсетті. Ғалымның айтуы бойынша жергілікті тұрғындар алдағы он жылдың ішінде Марс немесе Айға қоныс аудармаса құрдымға кетуі мүмкін. Бұл таралы Қамшы ақпараттық агенттігі Сегодня ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Британдық астрофизик Стивен Хокинг адамзат баласы Жерден қоныс теппесе, үлкен қатер төніп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы астрофизик Норвегияда өткен Starmus IV халықаралық ғылыми конференцияда баяндады.
Адамзаттың құрып кету қаупі уақыт еншісінде. Ғалымның пайымдауынша Жер шарына төнетін зұлматтың себепшісі аспаннан астероидтардың құлауы немесе ауа-райының күрт өзгеруі, табиғат климатының бұзылуы болуы мүмкін.
«Мен адамдар тездетіп Жерден қоныс аударуы тиіс деп есептеймін. Себебі жер шарында адамзат баласының саны тым көп, сыймай барамыз. Ал табиғи ресурстардың сарқылуы қаупі басым» - деді өзіне сенімді астрофизик.
Сондай-ақ Айға қоныс аударудан алдын, әуелі өсімдіктер мен жаруарларды сынап көруді ұсына отырып, бұл процесті 30-50 жылдың ішінде қолға алу керектігін атап өтті.
Шолушы: Ақерке Маратқызы