Францияның Нант қаласында автобус жүргізушілеріне шорты киюге тыйым салынған. Осыған наразы болған жүргізушілер жұмысқа белдемше киіп келген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. Аптап ыстықта арнайы суыту құралымен қамтамасыз етілмеген автобустарда ұзын шалбар кию қиынға соғады. Қалада 25 градус ыстыққа қарамастан жұмыста шорты киюге тыйым салынған. Францияның Еңбек кодексінде жұмысқа шортымен келу туралы айтылмайды. Сондықтан әрбір жұмыс беруші жұмыскерлеріне дресс-кодты өзі тағайындайды.

Шолушы: Назерке МҰСА