Комитет төрағасы Қазақстаннан Сирияға әскер жіберу турасында түсініктеме берді

/uploads/thumbnail/20170710161217808_small.jpg

Ресей БАҚ-тары Қазақстан әскерін Сириядағы соғыс алаңына жіберуді сұрағаны жөнінде ақпарат таратқаны хабарланған. Осы мәселе бойынша ҚР Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі Комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев «Саясат» порталына берген сұхбатында «Қазақстаннан әскер жіберілегіннің өзінде, олар қандай да бір тараптың атынан шықпайтын болады», деді.

Сондай-ақ, Мәулен Сағатханұлынан ресейліктердің ҚР Қарулы күштерінің Сирия соғысына аттануын қалайтыны жөнінде сұрастырғанда, депутат мұндай ақпардан хабарсыз екендерін жеткізді.

«Егер Қазақстан әскері Сирияға аттанса, олар қандай да бір тарапты қолдамайтынын, ұрыс алаңын шешуде емес, БҰҰ қамқорлығымен өткізілген бейбіт түрдегі миссияларға атсалысатын болады. Ал қазақстандық әскерді соғыс алаңына жіберу туралы шешім жоспарда жоқ. Ол тіпті қарастырылмайды да. Қарастырылатын болса, заңнамаға сәйкес біз Қазақстан жауынгерлерін Сирияға БҰҰ шешімімен бітімге келу мақсатында жібереміз.

Ақпаратты түпкілікті зерделеу қажет. Мұндай ақпараттың таралуын өз басым дұрыс деп есептемеймін.

Біз саяси диалогты қолдаймыз, әрі Сириядағы қақтығыстан шығу жолдарын іздестіру жөніндегі келіссөздерді әлі де жалғасытырп келеміз».

Айта кетейік, Ресей Сирияға қазақстандық және Қырғызстан әскерін жіберу туралы келіссөздерді жүргізді. Бұл туралы Қазақстан және Қырғызстан билігімен келіссөздер турасында Ресейдің мемлекеттік дума комитетінің басшысы Владимир Шаманов айтты. Түркия президентінің өкілі де Сирияға Қазақстан мен Қырғызстан әскерін кіргізу мүмкін екенін хабарлады.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар