Қазақстан азаматы Венадағы төбелес кезінде қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170710161218746_small.jpg

ҚР азаматы Австрияның астанасында қонақүйдегі төбелес барысында ұсталды. Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов хабарлады.

Оқиғаның мән-жайын Қамшы ақпараттық агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің саясаткерлерге Қазақстан азаматының шетелдегі қонақүйлердің біріндегі жанжал барысында қолға түскені хабарланды. Сонымен қатар Қазақстан азаматының бірнеше күн бұрын мас күйінде ұрлық жасағаны мәлім болып отыр. Ұрлық жасағаннан кейін өзгенің мүлкін қайтарып берген» деп хабарлады Жайнақов.

Қазіргі таңда Венаға турист ретінде барған  33 жастағы Қазақстан азаматы полиция бөлімшесінде.

Жайнақовтың айтуынша, Отандасымыз өзінің аты-жөнін құпия ұстауды сұраған.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар