V Құрылтайдың құрышыңды қандыратын жаңалығы

/uploads/thumbnail/20170710161245577_small.jpg

“Қазақстан басқа мемлекеттерде тұрса да, өзінің өнерімен, білімімен қазақтардың атын шығарған адамдарды, талантты тұлғаларды білуі керек. Мен Үкіметке танымал қазақтардың электронды базасын жасауды тапсырамын. Бұл тарихи отанында тұрмайтын қазақтарға жол ашады. Қоғамдық сананың жаңғыруы – қазақтардың жаңғыруы. Бұл барлық қазақтардың бірлігі. Басты мәселе осында. Ал оған тек Қазақстандағы ынтымақ пен бірліктің арқасында қол жеткізуге болады”.

Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Үкіметке дәл осындай тапсырма берді.

Берілген тапсырмаларға, айтылған ойлар мен алынып жатқан әсерлерге қарап биылғы құрылтайдың иісі қазақ баласы үшін берер жемісі көп болатын сияқты. Құрылтайда қазақтардың негізгі тарихи отаны Қазақстан екенін айта келе, Үкіметке шетелдегі қазақ балаларының елімізде білім алуына мүмкіндік беретін арнайы стипендиялық бағдарлама жасауды тапсырды.

Бұл бастамалардың барлығы шетте жүрген қандас бауырларымыздың игілігіне арналған. Айбынды тарих беттерінен қазақ халқының жүріп өткен жолдарын көріп, бірде сүйінесің, бірде күйінесің. Ата-бабаларымыздың асқақтығының, арманшылдығының, қанағатшылдығының, қайсарлығының арқасында қазақ жұртшылығы бүкіл әлеммен бетпе-бет келіп жүр. Қазақтың қазаққа жаны ашып, жағдайын жасауға тырысатыны көңіл қуантып, көкірегіңе сәуле құяды.

                                                                                                                                                           Шолушы Оразхан Ақтолқын

Қатысты Мақалалар