Желі қолданушысы әлеуметтік желідегі жазбалары үшін жауапқа тартылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710161410928_small.jpg

Желі қолданушылары әлеуметтік желідегі жазбалары үшін жауапқа тартылады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес   ғаламтор көзі  бұқаралық ақпарат құралдарының меншігіне  жүктеледі. Яғни ғаламтор желісіне  жарияланған ақпараттар БАҚ-ның еншісіне тиесілі. 

«Әлеуметтік желілерге  жүктелген  ақпараттардың сенімділігі тексеріліп, белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ, желі қолданушыларының, жеке және заңды тұлғалардың  құқықтары қорғалуға міндетті», - деп мәлімдеді Альбина Әтен.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің  274 бабына сәйкес әлеуметтік желілер арқылы  қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, қатер тудырушыларға, жеке бас құқығын таптаушыларға  бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе дәл осы мөлшерде қоғамдық жұмысқа  салу жазасы немесе  екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

Қатысты Мақалалар