АҚШ-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерді 32 жылдан кейін ғана ұстаған

/uploads/thumbnail/20170710161412021_small.jpg

АҚШ-тың Арканзес штатының басшылығы 32 жыл бойы қашқын болып жүрген тұтқынды ұстаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдары 60 жастағы Стивен Дишманды Спрингдейл қаласында өз үйінен тапқан. Дишман 1984 жылы ұрлық үшін сотталған болатын.  1985 жылы Дишман түрмеден қашып кеткен.

Мәліметтерге қарағанда 1987 жылы Дишманға шартты түрде жазасын өтеуге мүмкіндік болатын еді. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар