Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мохаммед бен Салман Аль Сауд Ресей президенті Владимир Путин Жақын Шығыста террористерді көбейтіп отыр деп есептейді. Егер Ресей бомбалауды тоқтатпаса тиісті шараларды қолданатынын айтты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Менің ойымша Сирияда террористік топтар өте көп. Оларды құрту керек, алайда орыстар Жақын Шығыстағы террористерді көбейтпек. Онда террористердің рухы қаншалықты көтерілгенін елестету қиынға соқпайды. Және Ресей FSA illitants шабуылдай отырып, террористерге көмектесіп отыр. Сауд Арабиясы Ресейге жұмсақ қарамайды. Біз Путинге ультиматум қоямыз. Егер Ресей бомбалауын тоқтатпаса біз қажетті шараларды қолданатынымызды жеткізуіміз керек. Біздің әскери мүмкіндіктер Сириядағы ресейлік әскерді 3 күннің ішінде жоюға күші жетеді» деді ханзада.
Мохаммед бин Салман 31 жасында патшалықтың қорғаныс саясаты мен ішкі экономикалық қайта құруды бақылады.
Айта кетейік, жақында Саудия королі Сальман мұрагерін ауыстырды. Мухаммед бен Наифтің орнына Мухаммед Бен Салман келген. Бұл өзгеріс оның Сауд Арабиясындағы маңызды шешімдер қабылдай алатынын білдіреді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет