Бұл кісілер - ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жерленген бейітінің кілтін сақтап жүрген адамдар, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Адель Құрайыштың «Сақтаушылар» атты фотокөрмесі өте міндетті мойындарына жүктеген адамдармен танысуымызға мүмкіндік береді.

Бұл дәстүр ХІІ ғасырдан басталған. Кілтті сақтаушылар Мәдинадағы мешіттің жұмыс кестесіне де жауапты болады. Белгілі болғандай, кілтті сақтаушылардың барлығы да Эфиопия мен Эритрея тумалары.

Фотографтың айтуынша, бұл кісілермен жұмыс істеу барысында сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімге бөленген. «Олардың қасында болған кезде өзіңізді жеңіл сезінесіз. Олар өте салмақты, байсалды кісілер. Олармен жұмыс істеу кезінде бөлме ерекше нұрға бөленген еді», - деп өз сезімін жеткізеді.






