Трамп Ораза айтқа орай Ақ үйде берілетін салтанатты асты тоқтатып тастады

/uploads/thumbnail/20170710161504675_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп қасиетті Ораза айт мейрамына орай жиырма жылдан бері Ақ үйде беріліп келе жатқан салтанатты қонақасын жоспардан сызып тастады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігіт muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

 Айта кетейік, айт мейрамына орай жайылатын салтанатты дастархан сонау 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан болатын.

Сайлау алдындағы халыққа берген уәдесінде Дональд Трамп Ораза айт мейрамын тойлаудың ешқандай ерсілігі жоқ екенін айтқан болатын. Дегенмен, АҚШ президенттігіне сайланысымен Трамптың мұсылмандар құқығына қарсы бірнеше бұйрық шығарып үлгергені белгілі.

Атап айтқанда, Дональд Трамп бұйрығы бойынша бірнеше мұсылман мемлекетінің азаматтарына АҚШ аумағына кіруіне тыйым салынды. Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінде бірнеше жыл бойы үзбей өткізіліп келе жатқан ауызашар дастарханы да биыл жайылмады. Бұл жайында АҚШ мемхатшысы Рекс Тиллерсон мәлім етті.

Қатысты Мақалалар