Бейжің және Алматы қалаларының туризм саласындағы ынтымақтастығы нығаяды

/uploads/thumbnail/20170710161503388_small.jpg

2017-ші жыл Қазақстан үшін "Қытайдың туризм жылы" болып табылады. Қазіргі таңда екі мемлекеттің туризм саласындағы ынтымақтастығы күннен күнге күшейе түсуде. Пекин қаласы туризмді дамыту комитеті Астана ЭКСПО-2017  көрмесінің Қытай павильонында Пекин апталығының ашылуына қатысқаннан кейін, 19-маусым күні Алматы қаласындағы  RІXOS мейрамханасында Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясында Алматы – Пекин сауда-экономикалық ынтымақтастық семинары болып өтті. Оған Пекин қаласының делегациясы, сауда палатасы өкілдері және Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері, ҚР «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан – Қытай сауда қарым-қатынасын арттыру палатасының мүшелері, сондай-ақ, отандық кәсіпкерлер қатысты.

 Шара барысында Пекин қаласы делегациясының жетекшісі Пекин қаласы туризмді дамыту комитетінің басшысы Джау ГуангЧау  сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Пекин және Алматы қалалары арасындағы сауда-экономикалық қатынастар жаңа бағытта дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Ал одан кейін сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румил Тауфиков екі ел арасында «Нұрлы жол» және «Жібек жолы» бағдарламалары жолға қойылып, «Бір белдеу – бір жол» жобасы жүзеге асырыла бастағанын атап айтты. Бұл ретте, алдымен Орталық Азия, ТМД елдері мен одан әрі Еуропаға және Парсы шығанағына шығуға мол мүмкіндіктер ашатын «Бір белдеу – бір жол» жобасының маңыздылығына тоқталды. Сосын, оның орындалуында Алматының алатын орны айрықша екендігін айта келіп, қазіргі таңда Алматы қаласында 296 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

(сурет: Бизнес-мүмкіндіктер туралы Алматы-Пекин ынтымақтастығы жөніндегі конференция)

 

(Алматы обылысы туризм басқармасы  СЫРТҚЫ   БАЙЛАНЫСТАР,   МЕМЛЕКЕТТІК   ҚЫЗМЕТТЕР   КӨРСЕТУ   ЖӘНЕ   ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ   ЖҰМЫСТАР   БӨЛІМІ бөлім басшысы Оразбаев Бақытжан Қабдоллаұлы мен Пекин қаласы туризмді дамыту комитеті басшысы Джау ГуангЧау мырза)

Комитет мүшесі Джау ГуангЧау  конференцияға қатысқан өкілдерді Пекиндегі туризммен және туризм саясаты туралы тиісті ақпаратпен таныстырып, Пекиннің бай тарихы мен мәдени мұрасы жөнінде, жоғары деңгейдегі қабылдау және қызмет көрсету мүмкіндігін, тағамдар мен тауарлардың сан алуандығын, сондай-ақ, әр-түрлі сауықтыру шаралары туралы әңгімелеп берді. Сөз соңында ол Алматыдағы әріптестеріне Пекиндегі көрікті жерлерді таныстырды  әрі Пекиндегі туристік агенттіктерін ұсынды,  жағдайды пайдалана отырып, бірлесіп дамуға Алматыдағы туризм саласымен тығыз ынтымақтасуға деген тілегін білдірді.

 

Міне, осындай екі тараптың кә­сіпкерлері қозғаған сауда-ынтымақтастық қатынастар туралы нақты сөздерден соң, екі жақтың әр саладағы кәсіпкерлері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімдері болды. Тараптар туристік саладағы базалық инфрақұрылымды жетілдіруге, тиісті туристтік маршруттарын дамытуға, туризмнің жаңа модельдерін жасауға және өзге аспектілерде өзара түсініктік негізінде ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды күшейтуге, жеке өкілеттіліктер саласында ұзақ мерзімді әрі жан-жақты туристтік қарым-қатынастарын дамытуға әрекеттесуге келісті.

 

Конференциядан кейін Пекин қаласы туризм жөніндегі комитеті мен туристтік ұйымдары Алматы облысының Туризм басқармасының басшыларымен, Алматы қаласы туризм басқармасы туристік ақпарат орталығы және сыртқы байланыстар бөлімі, сондай-ақ, жергілікті туристік кәсіпорындарымен келіссөздер өткізді; Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм басқармасы жергілікті туристік ресурстарын дамытып және оны көпшілік арасында танымал етіп, соның арқасында одан да көп туристерді келтіріп, Пекин қаласы туризм комитетімен ынтымақтасуында тығыз қатынас орнатылатынына үміттенеді. Пекин қаласы туризм жөніндегі комитет мүшесі Джао ГуангЧао мәлімдегендей, болашақта Пекин Алматымен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды, Алматы мен Пекиннің туризм саласын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруына қолдау көрсетуді және көмектесуді, туристтік агенттіктерін белсенді түрде құруды және бұқаралық ақпарат құралдарын іске қосуды, Алматы қаласы туристтік ресурстарын ұсыну үшін тиісті арналарды пайдалануды, туризм мен мәдени алмасу саласындағы екі жақты ынтымақтастыққа әрекеттесуді көздейді, бұл «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық бағдарламасына оңтайлы үлес қосады.

Қатысты Мақалалар