Еурокомиссия Google-ге $2,7 млрд. айыппұл салды

/uploads/thumbnail/20170710161509857_small.jpg

Еуропалық комиссия америкалық Google компаниясына 2,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Қамшы ақпаратық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Алпауыт корпорацияға ғаламтордағы іздеу жүйесінде өз үстемдігін пайдаланып, әділ бәсекелестік жүргізбеді деген айып тағылып отыр. Бұл Еуроодақтың монополияға қарсы заңына қайшы келген. Еурокомиссия Google-ге осы әрекетті доғаруы үшін 90 тәулік уақыт берді. 60 күн ішінде компания кемшілікті жою үшін қандай қадам жасағаны жөнінде айыптаушыларға есеп беруі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, Alphabet-тің күндік айналымындағы қаржының 5 пайызына тең сомада тағы айып салынады.

 Еурокомиссия өкілдерінің айтуынша, салынған айып мөлшері компанияның құйтырқылық жасаған мерзімі мен сол аралықта тапқан табысын ескере отырып есептелген.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар