Үндістанда Сумит есімді 17 жастағы жеткіншек тірідей көміліп қаза тапты. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі шетел басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Жеткіншек 130 фунтқа жер астына көмілуге бәс тіккен. Бәстің шартына қарағанда ол бір тәулік бойы жер астында болуы керек болған. Жерлеу орны сәтсіз таңдалып бала тұншығып қалған. Оны Курад қаласында биогаз кәсіпорны орналасқан жерде көмген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша 17 жастағы баланы жерден шығарып алғанда ол әлі тірі болған бірақ ес-түссіз жатқан. Бала ауруханада көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша ол оттегі жетіспегендіктен қайтыс болған. Бәсті ұйымдастырушылар баланы құтқармақ болған ата-анасын оған жолатпай қойған екен.

Шолушы: Назерке МҰСА