ҚР Парламенті Сенатының сайлауында тұнғыш рет сайлаушылар электронды тіркеледі

/uploads/thumbnail/20170710161517928_small.jpg

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары И.Умаханов бастаған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясымен кездесті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасының орынбасары И Умаханов бастаған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясымен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Халықаралық қатынастар жөніндегі Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы Тұрақты комисиясының мүшесі К. Бекарян; Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенеш Көлік, коммуникация, сәулет және құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі С.Джураев, Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси мили Қоғамдағы жастар мен әйелдер арасындағы әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және саясат мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары М. Бобобекова, ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасарлары Х.Бакенов, И. Липчиу қатысты.

Кездесу барысында Б. Имашев  байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі қызметімен таныстырды, сондай-ақ сайлау науқанының ерекшеліктері туралы, сайлау күніне дайындық барысы туралы айтып берді және осы сайлаудың ерекшелігі – тұнғыш рет сайлаушылар электрондық тіркеу қолданылатынын да атап өтті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясына сайлауды байқауды ұйымдастыруда ақпараттық және басқа да қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Өз сөзінде, И. Умаханов сайлауды байқауға шақырғаны үшін алғысын білдірді және Парламентаралық Ассамблеясы өкілдерінің Қазақстанда, соның ішінде Сенат депутаттарын сайлауда, үлкен оң тәжірибесі бар екенін атап көрсетті.

ТМД ПАА делегациясы байқаушыларының пікірінше, сайлау өткізуге дайындық құқық аясында, демократиялық негізде өтуде.

ТМД ПАА байқаушылар тобының үйлестірушісі сайлауды байқау қорытындыларын және өз ұсынымдарын сайлау науқаны соңында жұртшылық пен ОСК-ға ұсынуға ниетті екенін хабарлады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар